Командалық

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

15-22 тамыз аралығында Иранда волейболдан 18 жасқа дейінгі ерлер командалары арасында 14-ші Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Чемпионатқа тоғыз команда қатысады. «А» тобында Иран, Қытай Тайбейі, Қытай, Үндістан және Кувейт командалары. «В» тобына Жапония, Оңтүстік Корея, Тайланд және Қазақстан кұрамадары кіреді.

Жастар арасындағы турнир Қытай Тайбейі мен Үндістан арасындағы кездесуден басталады. Оңтүстік Кореяның екі дүркін күміс жүлдегерімен Қазақстан құрамасы (бас бапкері – Серік Мылжабаев) кездеседі. Кувейт құрамасы ойынның бірінші күні Қытайға қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер