Қазақстан құрамасының ойыншысы «Ордабасыға» ауысты

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Ордабасыға» ауысты

«Ордабасы» футбол клубы жартылай қорғаушы Максим Фединмен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Максим павлодарлық футбол түлегі, кәсіби мансабын «Бәйтеректе» бастаған. Кейін «Атырау», «Оқжетпес», «Тобыл», «Қайсар» және «Ақтөбе» сынды клубтарда ойнаған. Маусымның алғашқы жартысында «Тұран» үшін 6 кездесу өткізді.

Премьер-Лигада 162 ойын өткізді және 18 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді, сонымен бірге жартылай қорғаушы Еуропа Лигасында 7 кездесуге қатысып, 2 гол соққан.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 18 матчта 1 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0