Футзал

Біржан Оразов: Қазақтар футбол ойнай алмайды деген стеоротипті бұзғым келеді

Біржан Оразов: Қазақтар футбол ойнай алмайды деген стеоротипті бұзғым келеді

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов «AMANAT» партиясы жастар қанатының VI съезінде жас қазақ футболшыларының әлемдік аренада ойып тұрып орын алуына лайықты көңіл бөлінбей жатқанын айтып, нақты ұсыныстарын жеткізді.

«Бала кезімде теледидардан әлем чемпионатын тамашалап отырып, «Мен де әлемге әйгілі футболшы болсам...» деген асқақ арман болды. Бүгінде арманым орындалды. «Қайрат» футзал клубының шабуылшысымын. Биыл футзалдан «Еуро – 2022» үздік бомбардирі атағына ие болдым.

Мен қазақтар футбол ойнай алмайды деген қатып қалған стеоротипті бұзғым келеді. Осы орайда қазақ футболын дамыту үшін ауыл-аудандарға көбірек назар аударылса деймін. Өйткені, өз басымнан өткендей ауыл баласына футбол тебуіне мүмкіндік бола бермейді.

Ауыл балаларын футболға баулып қана қоймай, шағын футбол алаңдарын ауылдарда көбірек салса жөн болар еді. Мұнымен қоса жас футболшыларды дайындайтын білікті жаттықтырушылар өте аз. Сондықтан шетелден мықты бапкерлер шақырып, жаттықтырушыларымыздың біліктілігін арттыруға көңіл бөлінсе жөн болар еді», - дейді Біржан Оразов.

 

Түпнұсқасы: aikyn.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0