Алексей Луценко «Тур де Франста» жалпы есепте ондыққа енді

Алексей Луценко «Тур де Франста» жалпы есепте ондыққа енді

Astana Qazaqstan Team командасының өкілі Алексей Луценко «Тур де Франс» суперкүндігінің 11-ші кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы сегізінші орында мәреге жетті. Бұл жетістік оған жарыстың жалпы есебінде көтерілуге мүмкіндік берді. Қазір Луценко тоғызыншы орында.

Бас классификацияда Йонас Вингегор (Jumbo-Visma) көш бастап тұр. Екінші орында Ромейн Барде (Team DSM). Тадей Погачар (UAE Team Emirates) үздік үштікті жабады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или