Сауд-Арабиялық клуб Роналдуға жылына 125 млн еуро жалақы ұсынды

Сауд-Арабиялық клуб Роналдуға жылына 125 млн еуро жалақы ұсынды

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналдуға Сауд Арабиясынан керемет ұсыныс түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпаратқа сәйкес, аты аталмаған араб клубының ұсынысы мынадай: «Манчестер Юнайтедке» трансфер үшін 30 миллион еуро, агенттерге комиссия ретінде 20 миллион еуро және Роналдудың өзіне екі маусымға 250 миллион еуро жалақы (әр жыл үшін 125 млн еуро) ұсынып отыр.

Айта кетейік, Роналду «Манчестер Юнайтедпен» бірге Таиландтағы маусым алды жаттығуға барған жоқ. Ол команданың жаттығуларына қатыспай жүр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0