Ален Айманов: «Тұран» - нағыз ұжым, ауызбіршілігі бар команда екені көрініп тұр

Ален Айманов: «Тұран» - нағыз ұжым, ауызбіршілігі бар команда екені көрініп тұр

«Тұранның» шабуылшысы Ален Айманов «Ақтөбеге» қарсы матч туралы пікірін айтты.

- «Ақтөбе» - жақсы ұйымдасқан команда. Доппен жылдам қозғалып, біз секілді қарымта шабуылда ойнады. Бірақ ойында сәттілік бізге емес, оларға жолдас болды. Бізге гол соғатын сәтте салқынқандылық жетіспеді.

- Алаңнан тыңнан қосылғанда қандай сезімде болдыңыз?

- Өзімді көрсетуге уақыт берілгеніне қуаныштымын. Трибунада жанкүйерлер көп болды. Өз алаңымызда дебют голын соққым келген еді, алайда мүмкіндікті пайдалана алмадым. 

- Командада қалай қабылдады?

- Мені жақсы қабылдады. «Тұран» - нағыз ұжым, ауызбіршілігі бар команда екені көрініп тұр. Әріптестерім маған командада үйренісуге көмектесіп, ақыл-кеңестерін айтып тұрады.

Түпнұсқасы: fcturan.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0