ҚПЛ: «Шахтер» - «Ақсу» матчында алты гол соғылды

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турының кейінге қалдырылған матчында қарағандылық «Шахтер» өз алаңында Павлодардың «Ақсуымен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.
Кездесу 4:2 есебімен қарағандылық команданың пайдасына аяқталды.
Қазір «Шахтердің» 20 ұпайы бар және тоғызыншы орында қалды, ал «Ақсу» 17 ұпаймен оныншы орында.
«Шахтер» — «Ақсу» 4:2 (3:0)
Гол соққандар: Жанғылышбай 9 (1:0), Муртазаев 38 (2:0), Граф 45+7 (3:0), Кәкімов 59 (3:1), Тұңғышбаев 81 (3:2), Каньяс пенальти 90+3 (4:2)
Алаңнан қуылды: Рустемович 24, Задоя 90+2.