Қазақстан құрамасының ойыншысы «Астанаға» ауысты

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Астанаға» ауысты

Қазақстан құрамасының футболшысы Тимур Досмағамбетов «Астанаға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тимур Көкшетау футбол мектебінің түлегі. Қазақстан чемпионатында барлығы 290 кездесуге қатысып, 29 гол соққан және 26 нәтижелі пас берген.

Қазақстан құрамасы сапында 13 ойын өткізді. Досмағамбетов бұған дейін қарағандылық «Шахтерде» доп тепті. Аталған клубта 14 кездесуге қатысып, 5 гол соқты. «Астана» сапында Тимур 27-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0