«Қайрат» АФК мен «Аяттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биыл жарысқа Қазақстаннан екі команда қатысады. «Қайрат» АФК жеребе нәтижесі бойынша А тобына түсіп, франциялық «Спортинг», бельгиялық «Андерлехт» және испаниялық «Мальоркамен» қарсылас атанды.
Ел чемпионатының күміс жүлдегері «Аят» «Ново Время», «Пула» және «Спортинг» командаларымен В тобына түсті.
Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне әр топтан үш команда шығады. Негізгі кезең матчтары 25-30 қазан арасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или