УЕФА Чемпиондар лигасында «Қайрат» пен «Аяттың» қарсыласы кім болады?

УЕФА Чемпиондар лигасында «Қайрат» пен «Аяттың» қарсыласы кім болады?

Бірнеше сағаттан соң футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, «Қайрат» пен «Аят» қарсыласын біледі, деп жазады Prosports.kz сайты.

Қазақстанның екі өкілі де екінші себетке түсті. Сондықтпн оларға «Барселона», «Спортинг», «Бенфика» және «Мальорка» командаларының бірі қарсылас атанады.

Бір қызығы, Чемпиондар лигасына алғаш рет жолдама алған «Мальорка» рейтингте «Қайраттан» жоғары тұр. Бұған рейтинг түзерде клубтардың жеке көрсеткіші емес, бүкіл бір елдің көрсеткіші негізге алынатыны себеп болып отыр. 

Жеребе Нұр-Сұлтан уақытымен 18:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или