Әлем чемпионатына іріктеу: Жеребе тарту рәсімінің трансляциясы

Әлем чемпионатына іріктеу: Жеребе тарту рәсімінің трансляциясы

7 шілдеде УЕФА-ның Ньондағы (Швейцария) штаб-пәтерінде футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде 36 команда бақ сынайды, олар үш командадан 12 топқа бөлінеді. Қарсыластар өз алаңында және сырт алаңда бір матч өткізеді. Топ жеңімпазы және екінші орын алған үздік төрт команда элиталық кезеңге жолдама алады. Екінші орын алған өзге сегіз құрама плей-офф кезеңіне қатысады.

Барлық команда рейтинг бойынша 3 себетке бөлінді. Қазақстан құрамасы бірінші себетте:

1-себет: Португалия, Испания,<span> </span>Қазақстан, Хорватия, Сербия, Әзірбайжан, Украина, Италия, Чехия, Грузия, Финляндия, Словакия

2-себет:<span> </span>Словения, Босния және Герцеговина, Польша, Румыния, Нидерланды, Беларусь, Венгрия, Франция, Бельгия, Латвия, Солтүстік Македония, Молдова

3-себет:<span> </span>Черногория, Косово, Норвегия, Дания, Швеция, Армения, Германия, Греция, Израиль, Кипр, Литва, Австрия.

УЕФА Атқару комитетінің шешімі бойынша Армения мен Әзірбайжан, Беларусь пен Украина, Косово мен Босния және Герцеговина, Косово мен Сербия бір топқа түспейді.

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:30-да басталады. Мына СІЛТЕМЕ арқылы тікелей эфирде көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или