«Сенбегендер көп болды». Тимур Харисов Үндістандағы Азия чемпионатын қорытындылады

«Сенбегендер көп болды». Тимур Харисов Үндістандағы Азия чемпионатын қорытындылады

Велотректен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкері Тимур Харисов Prosports.kz  сайтына берген сұхбатында Нью-Делиде өткен Азия чемпионатындағы шәкірттерінің өнерін жоғары бағалап, алдағы жоспарларын бөлісті.

– Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Азия чемпионатындағы өнерін қалай бағалайсыз?

– Команда Азия чемпионатында тамаша өнер көрсетті. Дайындық ойдағыдай өтті, сенбегендер көп болды, өйткені біз чемпионатқа екі ай қалғанда жиналдық. Бұған дейін тректегі команда мүлде дайындалған жоқ. Олар тамаша нәтиже көрсетті, команда Азия чемпионатынан сенімді өтті.

– Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Алда бізде тамыз айында жасөспірімдер арасында Израильде өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Үзіліс жасап, дайындықты бастаймыз. Бірақ, бір өкініштісі, бізде тәжірибе жинау үшін, сенімді бару үшін халықаралық жарыстар болмайды.

Айта кетейік, жасөспірімдер өткен жарыста сегіз марапатқа ие болды, оның ішінде - төрт алтын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или