Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан үздіктердің себетіне түсті

Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан үздіктердің себетіне түсті

7 шілдеде футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде 36 команда бақ сынайды, олар үш командадан 12 топқа бөлінеді. Турнирдің бұл кезеңінің матчтары 2023 жылдың 8 наурызында аяқталады.

Барлық команда рейтинг бойынша 3 себетке бөлінді. Қазақстан құрамасы бірінші себетте:

1-себет: Португалия, Испания, Қазақстан, Хорватия, Сербия, Әзірбайжан, Украина, Италия, Чехия, Грузия, Финляндия, Словакия

2-себет: Словения, Босния және Герцеговина, Польша, Румыния, Нидерланды, Беларусь, Венгрия, Франция, Бельгия, Латвия, Солтүстік Македония, Молдова

3-себет: Черногория, Косово, Норвегия, Дания, Швеция, Армения, Германия, Греция, Израиль, Кипр, Литва, Австрия

Матчтар келесі ойын күндері өтеді:

2022 жылы 12 - 21 қыркүйек<br />2022 жылы 3-12 қазан<br />2022 жылы 6-9 қараша<br />2023 жылы 27 ақпан - 8 наурыз

Плей-офф кезеңінің жеребесі 2023 жылы 10 наурызда тартылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или