Киберспорт

«Бізге қол соғып, құттықтап, сосын ұмыта салу бәріне ыңғайлы». Олжас ZhasikFIFA Есентаев - FIFAe Nations Cup 2022 жолы туралы

«Бізге қол соғып, құттықтап, сосын ұмыта салу бәріне ыңғайлы». Олжас ZhasikFIFA Есентаев - FIFAe Nations Cup 2022 жолы туралы
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz 2022 жылғы FIFA Nations Cup әлем чемпионатына сенсациялық түрде жолдама алған қазақстандық спортшылармен сұхбатты жалғастырады.

Сұрақтарға FIFA 22-дегі Қазақстан құрамасының екінші ойыншысы, Ақназар aka_nolito Бексейітовтің серіктесі Олжас ZhasikFIFA Есентаев жауап берді.

- Олжас, жеңісіңізбен тағы да құттықтаймыз. Маусымның басында Ақназармен бірге FIFAe Nations Cup 2022-ге жолдама алып, қазақстандықтарды таңғалдырдыңыз. Бәрі неден басталды?

- Рақмет! Бастапқыда Qazaq Cybersport Federation Electronic Arts-пен Қазақстанды ойын әзірлеушілердің турнирлеріне жіберу туралы шартқа қол қойды. Мұны білген бойда біз іріктеуде қалай жеңіске жететінімізді бірден көзге елестетіп, құрамамыздың намысын қорғауға аттандық. Одан кейін іріктеу матчтары өтіп, біз Ақназармен және тағы бір адаммен бірге жеңіске жеттік.

- Іріктеуге қарасақ, Марокко құрамасына қарсы матч қиын болған сияқты. Олармен кездесуде жеңіске жетуге не кедергі болды?

– Бұл өңірдің командалары ерекше стильде ойнап, жақсы өнер көрсетеді. Марокко туралы айтар болсақ, олардың деңгейі жоғары: ойыншыларды бүкіл ел қолдап, демеушілік көрсетті. Турнир алдында олар Дубайда бір айға жуық тұрып жаттығады, біз бес күн бұрын келіп, жаттықтық. Болашақта бұлай істеуге болмайды.

- Кувейт жігіттерін жеңіп, кездесуді өз пайдаңызға қалай бұрдыңыздар?

- Ең бастысы, соңғы шешуші ойын туралы емес, екінші ойын күні туралы айтқым келеді. Онда әлем чемпионатында кім ойнайтыны анықталды.

Бірінші күннен кейін біз алты орынның ішінде бесінші орында тұрдық. Ұзақ ұйықтамадық, бір-бірімізбен сөйлестік. Жаттықтырушы бізге нұсқау берді: адам сенбейтін нәрсені істеуіміз керек еді. Нәтижесінде келесі күні төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, екінші орынмен шықтық. Сонымен бірге, құрамында әлемнің үздік ойыншысы бар команда («Джунгли патшасы», Моссад MsDossary Альдосари, Сауд Арабиясы құрамасының киберспортшысы) бізбен кездескеннен кейін демалып, турнирді аяқтады.

Источник фотографии: fifaultimateteam.it

Источник фотографии: fifaultimateteam.it

– Бір айға жуық БАӘ-де болдыңыздар. Бұл ел туралы не айта аласыз? Ол жақта киберспорт қаншалықты дамыған деп ойлайсыз?

– Бұл елдегі адамдар мені таңғалдырды деп айта аламын. Бәрі көмектесуге тырысады, жүздерінен күлкі кетпейді. Жұмысқа келгендіктен көрікті жерлерді көру мүмкін болмады.

Елде киберспортқа сенетін көптеген ірі бренд пен бай адамдар бар. Жеңіске жетіп, демеушілер табуға мүмкіндік бар. Қазақстанда киберспортшыларға ешкім көмектескісі келмейді, тіпті Киберспорт федерациясы да көмектесе алмайды, басқалар туралы не айтуға болады?

Біз тарих жасадық, бірақ өзіміз үшін ешбір пайда болған жоқ. Мемлекет тарапынан сыйлық та, көмек те жоқ. Бәріне бізге қол соғып, құттықтау, кейін ұмыта салу ыңғайлы. Мен бұл шындықты айтудан қорықпаймын, өйткені мен өз жұмысымды жақсы атқарамын. Менде жасыратын ештеңе жоқ.

– Қазір 2022 жылғы әлем чемпионатына дайындықтың қай кезеңіндесіз? Күндеріңіз қалай өтіп жатыр?

- Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) өкілдеріне рахмет, біз 6 шілдеде Копенгагенде боламыз. Әлем чемпионаты қарсаңында пәтер жалдап, толық дайындық курсын бастау жоспарда бар. Сондай-ақ, біз бәріміз негізгі демеушілер мен бізді өзінің бренд елшілері ретінде көргісі келетіндерді табуға тырысамыз. Менің ойымша, біз жетістікке жетеміз, бірақ әзірге мүмкін емес нәрсені жасай береміз.

- FIFAe Nations Cup 2022 турнирінен не күтесіз?

- Алдымен виза алып, турнир өтетін жерге барамыз. Артынша біздің бүкіл командамыз іске қосылады, әр аспекті бойынша егжей-тегжейлі жұмыс істейміз. Болашақта қандай орын алатынымызды болжамаймын. Қарсыластар бізді бағаламайды, біз оны шебер пайдаланамыз деп үміттенемін.

- Қорытынды сұрақ. Финалға жеткеннен кейін эмоцияға толы видеоңыз Instagram желісіндегі парақшаларда тез тарап кетті. Сіз үшін шын жүректен қуанғандар көп болды, бірақ күмәнмен қарайтындар да болды. Сіз оларға не деп жауап бергіңіз келеді?

– Ол видеода мен ешкімді ренжіткім де, намысына тигім де келмеді, тек арманыңа қарай жүріп, соған сену керегіңн айтқым келді.

Жауынгерлік мінез қанымызда бар, бірақ Ақназармен біздің мақсатымыз өзімізді мықты қылып көрсету емес. Бұл біз іргетасын қалаған мүлде жаңа сала екенін және енді әлемнің барлық елі Қазақстанмен санасатынын халыққа жеткізгіміз келеді.

Қанша адам болса, сонша пікір бар. Әркімнің өз көзқарасы бар, бірақ біз бәрібір оларды бұл шындық екеніне сендіргіміз келеді!

FIFAe Nations Cup 2022 чемпионаты 27-30 шілде арасынла Копенгаген қаласындағы Bella Arena орталығының базасында өтеді. Турнирдің жүлдеқоры - 400 мың доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер