Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды
Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясы мен еліміздің футзал клубтары өкілдерінің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Онда 2021/2022 жылғы маусымдағы Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) қамқорлығымен өткен жарыстардың қорытындысы бекітілді. (Қазақстан чемпионаты, Қазақстан кубогы, Қазақстан Суперкубогы, Қазақстан Республикасының чемпионаты: U13, U15, U17, U19).
Жаңа 2022/2023 маусымының күнтізбесін қайта қарау және бекіту туралы шешім қабылданды.
2022/2023 маусымының ресми добы Adidas Al Rihla 2022 Pro Sala да мақұлданды.
Маусымның соңында футзалдан Қазақстан чемпионатының үздік ойыншылары анықталды:
Үздік қақпашы – Лео Игита («Қайрат»)
Үздік қорғаушы - Леандерсон (Аят)
Үздік ойыншы - Тиаго Кабеса (Каспий)
Ең үздік бомбардир – Альберт Ақбалықов («Қайрат»), 46 гол.