Трек велоспортынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды
Трек велоспортынан Қазақстан құрамасы Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші күнінде 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жасөспірімдер Вадим Белугин, Илья Карабутов, Аслан Силықбек және Максим Тараскин командалық жарыста үздік шықты.
Әйелдер арасындағы элиталық санатта Рината Сұлтанова, Светлана Пащенко, Фаина Потапова, Анжела Соловьева және Марина Кузьмина командалық сындакүміске қол жеткізді. Дәл осы пән бойынша жасөспірімдер Елизавета Склярова, Виолетта Казакова, Дарья Казакбай, Елизавета Гринберг, Алина Юнкман үшінші орын алды.
Жасөспірімдер Кирилл Курдиди, Мирас Алпатов, Рамазан Мұхтар, Ризван Бейсенбаев командалық спринтте жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или