Қазақстандық «Seven Rivers» велокомандасы UCI лицензиясын алды

Қазақстандық «Seven Rivers» велокомандасы UCI лицензиясын алды

Қазақстандық «Seven Rivers» жаңа кәсіпқой ерлер велокомандасы Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) құрлықтық лицензиясын алды.

Қазақстан велоспорты федерациясынан мәлімдегендей, бас менеджер Болат Райымбеков пен спорт дректоры Қайрат Байгудиновтің басшылығымен команда құрамына кәсіби лицензиялары бар 10 велошабандоз еніп отыр: Ғалым Ахметов, Павел Гацкий, Антон Кузьмин, Нұрболат Құлымбетов, Юрий Натаров, Матвей Никитин, Никита Панасенко, Роман Семенов, Сергей Шемякин, Григорий Штейн.

«Seven Rivers» жаңа кәсіпқой велокомандасы – федерацияның үлкен жетістігі. Енді қазақстандық велошабандоздардың беделді веложарыстарда өзін танытып, әлемдік рейтингте ұпай жинау мүмкіндіктері артады», - деп атап өтті Қазақстан велоспорты федерациясынң бірінші вице-президенті Райымбек Баталов.

Құрлықтық жарыстар UCI қолдауымен 2004 жылдан бері өткізіліп келеді.

BNews.kz. сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или