Умберто: «Қайрат» менің жүрегімде мәңгілікке сақталады

Умберто: «Қайрат» менің жүрегімде мәңгілікке сақталады

«Қайраттың» УЕФА Кубогін иеленуіне және басқа да жетістіктерге жетуіне өз септігін тигізген шабуылшы Умберто командамен қош айтысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қоштасар сәтте көзіне жас үйірілген бразилиялық ойыншы өз сезімімен бөлісті:

«Қайрат» туралы

«Маған Қазақстан өте қатты ұнады. Әріптестерімнің мені жылы қарсы алғаны сонша, өзімді мұнда бірнеше жыл доп теуіп жүрген адамдай сезіндім. Командамыз бір үлкен отбасыдай болды. Мұндайды қазір кездестіру қиын».

Есте қаларлық сәт жайында

«Қайратта» мен ұзақ болмадым, бірақ клуб сапында жүріп Еуропа чемпионы атандым. Бұл мен үшін биік шың болатын және осы сәт кәсіби мәнсабымдағы ең керемет кезеңдердің бірі болып қалады».

Жанкүйерлер туралы

«Бұл клубтың жанкүйерлері өз командаларын қатты сүйеді, қиын сәттерде қолдау танытады. Оларға бар жақсылықты тілегім келеді, жаратушы ием оларды әрқашан қолдаса деймін. Сонымен қатар, клуб басшылығына маған үлкен сенім артқандары үшін алғысымды білдіремін».

Командадан кетуі жайында

«Маған айтуға ауырлау, бірақ мен кетемін... Әрине, «Қайрат» менің жүрегімде мәңгілікке сақталады. Клубта аз ғана уақыт болсам да, маған және менің отбасым үшін бұл кезең көп нәрсені еске салдырады. Күндердің күнінде қайтып ораламын деп үміттенемін...».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или