Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Батыс Азия чемпионатын жеңіп алды
Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Какау Кувейт құрамасын баста Батыс Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кувейтте футзалдан Батыс Азия чемпионаты төртінші рет өтті. Турнирге сегіз ұлттық құрама қатысты. Бұған дейін Кувейттің ең жоғары жетістігі төртінші орын болатын. Ал осы жолы чемпион атанып отыр.
Биыл қыркүйекте Кувейт Азия чемпионатын қабылдайды.
Айта кетейік, Какау 2013-2018 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы мен «Қайратты» жаттықтырды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола медаль алды. Ал «Қайрат» екі рет УЕФА кубогын жеңіп алды (2013, 2015).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или