Хоккей

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Барыспен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Барыспен» келісімшарт мерзімін ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы Әлихан Әсетовпен келісімшарт мерзімін ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы бұған дейін сынақ ұсынысын алған, енді екі маусымға (2024 жылы 30 сәуірге дейін) екі жақты келісімшартқа қол қойды.

Айта кетейік, Әсетов 2013 жылдан бері клуб жүйесінде өнер көрсетіп жүр. ҚХЛ-дың өткен маусымында шабуылшы 37 ойынға қатысып, 9 (4+5) ұпай жинады. Қазақстан чемпионаты аясында 12 кездесуде Әлихан 6 (2+4) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер