Қазақстан волейболдан Азия чемпионатында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді

Таиландта өтіп жатқан волейболдан 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы турнирдегі үшінші кездесуін өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Қазақстандық спортшылар Үндістанды төрт сетте – 3:1 (20:25, 25:20, 25:11, 25:14) жеңді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Филиппинді 3:0 есебімен сенімді жеңсе, Қытайлық Тайбэйді де 3:1 ұтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или