Қазақстан чемпионаты: Финалдық матчтардың тікелей трансляциясы
5 маусымда Рудныйда жергілікті «Аят» пен алматылық «Қайрат» арасында 2021/2022 жылғы Қазақстан чемпионы атағы үшін үшінші, шешуші кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 мамырда футзалдан Қазақстан чемпионаты финалдық сериясының матчтары басталды. Ел біріншілігінің финалында алматылық «Қайрат» АФК мен Рудныйдың «Аят» командалары кездесті. Ал ел чемпионатының қола жүлдесіне ақтаулық «Каспий» мен «Атырау» таласады. Серия үш жеңіске дейін созылады.
«Қайрат» АФК бұған дейінгі екі матчта сенімді жеңіске жетті (4:2, 7:2), бүгін тағы жеңісе алматылық клуб Қазақстан чемпионы атағына тағы бір мәрте қол жеткізеді.
Бүгін қола медаль үшін үшінші кездесу де өтеді. Бұл сериядағы есеп 1:1 болғандықтан, қарсыластар 6 және 10 маусымда ойын өткізеді.
«Аят» - «Қайрат» АФК кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де, «Атырау» - «Каспий» матчы 18.00-де басталады.