Біржан Оразовқа «Еуро-2022 үздік шабуылшысы» жүлдесі сыйға берілді

Біржан Оразовқа «Еуро-2022 үздік шабуылшысы» жүлдесі сыйға берілді

Елордада футзалдан Ұлттық құраманың ойыншысы Біржан Оразов марапатталды.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен балалар мен футзалдан Қазақстан құрамасы арасындағы жолдастық ойында Біржан Оразовқа «Еуро-2022 үздік шабуылшысы» жүлдесі сыйға берілді.

Сонымен қатар, елімізде футзалды дамытуда үлкен үлкес қосқаны үшін Қазақстан құрамасына ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атынан алғыс хат табыс етілді.

Мерекелік іс-шараға қатысқан командаларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің кубогы, медальдарымен және дипломдарымен марапатталып, жас спортшыларға бағалы сыйлықтар берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или