«Газпром-Югра» үш дүркін Ресей чемпионы атанды

«Газпром-Югра» үш дүркін Ресей чемпионы атанды

Югорскіде футзалдан Ресей чемпионатының финалдық сериясының 3-ші кездесуі өтіп, онда «Газпром-Югра» КПРФ командасын қосымша уақытта 4:3 (негізгі уақытта - 3:3) есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Газпром-Югра» қақпасына Вилиан, Александр Виноградов, Андрей Афанасьев және Жоао Гильерме гол соқты. Компартияның сапында голдарды Даниэль Баталха (дубль) мен Янар Асадов соқты.

Финалдық серияда 3-0 есебімен «Газпром-Югра» жеңіске жетті.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дуглас Жуниор Ресейдің <span>КПРФ командасында</span> өнер көрсетіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или