Әлем чемпионаты: Іріктеу кезеңінің жеребесі 6 маусымда тартылады

Әлем чемпионаты: Іріктеу кезеңінің жеребесі 6 маусымда тартылады

2022 жылы 6 шілдеде Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі негізгі кезеңінің жеребесі тартылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңге 36 команда қатысады, олар 3 командадан 12 топқа бөлінеді. Қарсыластар өз алаңында және сырт алаңда екі кездесу өткізеді. Матчтар 2023 жылы 8 наурызға дейін аяқталуы керек.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или