Алматылықтар Қысқы Олимпиаданы өткізу өтінімін велошерумен қолдады

Алматылықтар Қысқы Олимпиаданы өткізу өтінімін велошерумен қолдады

Алматыда Халықаралық Олимпиада күнін мерекелеу аясында 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізу өтінімін қолдауға арналған велошеру өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Веломаршқа Алматы әкімі Ахметжан Есімов, велоқоғамдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, көптеген қалалықтар қатысты. Жалпы, бұл күнгі спорттық шарада үш мыңға жуық адам болды.

Веложарыстың ұзындығы 12 км, ол ҚР Бірінші Президентінің саябағынан бастау алып, Орталық стадион маңында мәреге жетті. Жарыс нәтижесі бойынша оған қатысушыларға бағалы және ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Қалалықтарды кезекті веложарыспен құттықтаған мегаполис басшысы Алматының 2022 жылғы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алуда мүмкіндігі мол екендігін ерекше атады.

«Бүгін қалада Халықаралық Олимпиада күнінің құрметіне көптеген шаралар ұйымдастырылды, солардың ішінде барынша ерте өтіп жатқаны - веложарыс. Бұл шараға мыңдаған адам қатысуда, осының өзі қалалықтардың салауатты өмір салтын ұстанумен қатар Алматының Ақ Олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алуына тілектес екендігін көрсетеді», - деді Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, екі үміткер кандидат - қалалардың өкілдері маусым айында Швейцарияның Лозанна қаласында ХОК мүшелерінің алдында баяндама жасайды, кейін ХОК-нің атқару комитеті 31 шілдеде Куала-Лумрупде өтетін ұйымның сессиясында жеңімпазды анықтайды. Өз кезегінде көптеген сарашылар 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданың Алматыда өтуінің мүмкіндігі мол деп есептейді. Өйткені, бізде ауа райы өте қолайлы және ХОК-нің талаптарына толық жауап беретін спорттық инфрақұрылымдар бұрыннан бар әрі табиғи қарда қалың.

Жалпы, Халықаралық Олимпиада күні Қазақстанның барлық аумағында осымен 22-ші рет атап өтілуде. Республика халқы түрлі спорттық бұқаралық шараларға, марафондарға, веложарыстарға қатысып, бұл күнді қызықты өткізуде. Концепцияға сәйкес биыл Олимпиада күні Алматының 2022 жылғы Олимипаданы өткізу өтінімін қолдауға арналды.

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или