Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны жеңді
Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы бүгін, 23 мамырда кезекті ойынын Италияға қарсы өткізді.

Бүгінгі кездесудің екі құрама үшін маңызы зор болды. Жеңгені алдағы жылы да топ-дивизионда ойнауына мүмкіндік алады. Жеңілгені төменгі дивизионға түседі. Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілердің басымдығы байқалды.
Қазақстандық құрамадан Кёртис Валк 11-минутта есеп ашса, оған 14-минутта италиялық Брэндон Макнелли бір голмен жауап қайырды. Бірінші кезеңнің 15-минутында қазақстандық Валерий Орехов есепті ұлғайта түсті.
Екінші кезеңнің 24-минутында Әлихан Әсетов есеп айырмасын тағы бір голға ұлғайтты. Бұдан кейін италиялық Диего Костнер 25-минутта гол соғып, кездесудің маңызы арттырды.
Үшінші кезеңде Роман Старченко 43, Никита Михайлис 46-минуттарда Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.