Командалық

«Тараз» ВК Азия чемпионатының плей-офф кезеңінде Тайланд құрамасына қарсы ойнайды

«Тараз» ВК Азия чемпионатының плей-офф кезеңінде Тайланд құрамасына қарсы ойнайды
news-banner7
mobile-news-top
Тегеранда волейболдан ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстандық «Тараз» клубы топтық кезеңде екінші орын иеленді. Бұл жамбылдықтарға турнирдің плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Топтық кезеңнің соңғы ойын күнінде қазақстандық волейболшылар ирандық M. Shahdab Yazd командасымен ойнады. Бұл ойында топтағы бірінші орынның тағдыры, сондай-ақ плей-оффтағы командалардың орындарын одан әрі орналастыру шешілді. Алаң иелері «Тараздан» басым түсіп – 3:1 (25:16, 25:21, 22:25, 25:17), бірінші орынмен келесі кезеңге шықты.

18 мамырда жамбылдықтар плей-офф кезеңінде Тайландтың Nakhon Ratchasima QminC клубымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер