«Барса» жастар арасындағы әлем кубогын жеңіп алды. Видео

«Барса» жастар арасындағы әлем кубогын жеңіп алды. Видео

Паранагуада (Бразилия) футзалдан жастар (21 жасқа дейінгі ойыншылар) арасындағы әлем кубогы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде бразилиялық «<span>Жоинвиль</span>» испаниялық «Барса» кездесті. Испаниялық команда 3:2 есебімен жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды.

Каталониялықтар финалға дейін бес команданы жеңді. Топтық кезеңде бразилиялық «Рио Бранко» (6:1), аргентиналық «Бока Хуниорс» (4:3) және «Пато» (3:2) командаларынан, ширек финалда уругвайлық «Пеньярол» (3:1), ал жартылай финалда бразилиялық «Коринтианс» (5:3) командасынан басым түсті. 

Үшінші орынды тағы бір испаниялық клуб «Пальма Футсал» иеленді.

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или