«Ақтөбе» 102-минутта гол соғып, «Тобылды» жеңді

Футболдан Қазақстан чемпионатының 11-туры аясындағы «Ақтөбе» - «Тобыл» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақтөбеде өткен кездесуде 2:1 есебімен алаң қожайындары жеңіске жетті.
Алаң иелері сапынан Сердер Сердеров 55-минутта есеп ашса, қонақ команданың қорғаушсы Алекса Аманович 79-минутта есепті теңестірген.
Төреші ойынға он минуттан аса қосымша уақыт қосты. Төреші қосқан уақыт аяқталар тұста қосалқы құрамнан шыққан шабулышы Жерар Гоу жеңіс голын соғып кетті. Бұл матчтың 102-минуты болатын.
Айта кетерлігі, «Ақтөбе» 10 адаммен жүріп жеңіске жетті. Арман Кеңесов бірінші таймның соңында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын.
ҚПЛ. 11-тур
«Ақтөбе» - «Тобыл» - 2:1
Гол соққандар: Сердеров 54 (1:0), Аманович 76 (1:1), Гоу 102 (2:1)
Алаңнан қуылды: Кенесов 45+4.