Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Даниядан тоғыз шайба жіберді

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Даниядан ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 1:9 есебімен аяқталды. Қазақстан сапында жалғыз шайбаны ойын соңында Кирилл Савицкий соқты.
Енді қазақстандық команда Франциямен кездеседі. Ойын елорда уақытымен 19:20-да басталады.
Қазақстан - Дания 1:9
Шайбалар:
1:0 - Бьёркстранд (Бау, Ларсен) - 02:03
2:0 - Шеель - 03:59
3:0 - Бликфелд (Элерс, Лауридсен) - 04:51
4:0 - Сторм (Элерс, Йенсен Аабо) - 22:26
5:0 - Якобсен (Аагаард) - 26:22
6:0 - Блихвельд (Элерс, Лауридсен) - 29:54
7:0 - Ларсен (Бау, Лауридсен) - 39:36
8:0 - Регин (Лауридсен, Сторм) - 40:43
9:0 - Блихвельд (Лауридсен) - 50:03
9:1 - Савицкий (Шестаков) - 58:37