«Мен бұл елді әрдайым қорғаймын». Әлемнің үздік қақпашысы Қазақстандағы футзал туралы айтты
«Қайрат» АФК пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита ұлттық чемпионатта төбелеске ұласқан матчтан кейін ел футзалы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен бұл елді әрдайым қорғаймын. Мені бір нәрсе мазалаған кезде мен ешқашан үндемеймін... Мен қазақстандық футзалдың дамуы үшін жыл сайын күресіп келемін және күресемін, қазіргі уақытта ол жоғары деңгейде екеніне қуаныштымын. Мен ешкімге біз салған нәрсені бұзуға жол бермеймін. Қазақстандық футзал өте үлкен және ол көбі ойлағаннан әлдеқайда үлкен! Алға, Қазақстан, біз мәңгі бірге боламыз!!! Мен бұл елді жақсы көремін», - деп жазды Игита Instagram-да.
Еске салайық, кеше «Каспий» - «Атырау» матчы кезінде футболшылар, сондай-ақ клубтардың жанкүйерлері мен жаттықтырушылары төбелес шығарған болатын.