«Ақтөбеге» жаңа бас бапкер тағайындалды
Қазақстандық маман Андрей Карпович жаңа бапкер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Күні кеше 41 жастағы Андрей Карпович келіссөздер жүргізу үшін Ақтөбеге келіп, бүгін футболшыларға таныстырылды. Бұл ретте бас бапкердің міндетін атқарушы Петр Бадло команданы «Ақжайыққа» қарсы келесі ойынға дайындауда.
ҚПЛ сегізінші турынан кейін Андрей Карпович Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или