Әли Әлиев «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері болып тағайындалды

Әли Әлиев «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері болып тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әли Әлиев 2015 жылы «Қызыл-Жар» командасына ауысып, футболшы ретінде қола және күміс медальдарды жеңіп алды. 2017 жылғы маусымда командамен 8 жылдан кейін Премьер-лигада ойнау құқығын алды. Осы кезеңде Әли Әлиев 75 кездесу өткізіп, қарсыластарының қақпасына 6 гол соқты.

2019 жылы Әли Ханәліұлы «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері болып тағайындалды.

2019 жылғы маусымында ол Бірінші лигада топ жарды. Осылайша, петропавлдық клуб Премьер-лигаға қайта оралды. Әли Әлиев 2019 жылғы маусымда турнирдің үздік жаттықтырушысы болып танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер