Астанада велошеру өтті

Бүгін Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс Президенттік сайлауда жеңіске жеткеніне байланысты велошеру ұйымдастырылды.

Елорданың спортқа қызығатын, салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындары төрт шақырым жер жүрді. «Салтанат Сарайынан» басталған старт «Сарыарқа» велотрегіне дейін жалғасты.

Бұл шеруге еліміздің 13 облысынан кәсіби велошабондоздар мен әуесқой велосипед тебушілер қатысты. Шеруге қатысқандардың арасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да бар.

– Бүгін үлкен мереке. Қазақстан мемлекеті қазір тек геосаясат пен әлемдік мәдениетте ғана емес, спортта да үлкен жетістікке жетіп отыр. Қазақстан үлкен құрмет пен сенімге ие мемлекет. Былтыр Елбасы Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға байланысты жарлық шығарғанын білесіздер. Бұл заңның бұқаралық спорттың қанат жаюына үлкен серпін беретіне күмәнім жоқ, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ министр велотрек бойынша Қазақстан чемпионатының ашылуына қатысты.

Мерекелік шара аясында ең жас және ең егде қатысушыға сыйлық берілді. Қазақстан велоспорт федерациясының техникалық директоры Асан Базаев Астана қаласының әкімі мен федерацияның атынан оларға жаңа велоспиед табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или