ВИДЕО. «Барса» футзалдан Испания кубогының финалында «Эль-Посоны» жеңді
Хаэнде футзалдан Испания кубогының финалы өтіп, каталониялық «Барса» мен мурсиялық «Эль-Посо» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. «Эль-Посо» мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан да Силва 33-минутта командасын алға шығарса, төрт минуттан соң автогол соғып, ойын овертаймға жалғасты.
Қосымша уақытта да командалар гол алмасты, Тайнан нәтижелі пас берді.
Жеңімпаз пенальти сериясында анықталып, каталониялықтар 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, «Барса» осы маусымдағы екінші титулына қол жеткізіп отыр. Каталониялықтар ақпанда Испания Суперкубогын жеңіп алған.
Футзалдан Испания кубогы. Финал
«Барса» – «Эль-Посо» (Мурсия) 3:3, пен. 7:6 (1:0, 2:2)
Голдар: Адольфо (16), Тайнан (37, автогол), Пито (45) – Рафа Сантос (32), Тайнан (33), Дарио (45)
Фото lnfs.es