«Астана» «Джиро д'Италияның» алғашқы кезеңінде үшінші орын алды

«Астана» «Джиро д'Италияның» алғашқы кезеңінде үшінші орын алды

2015 жылдың бірінші гранд-турының «Джиро д'Италия» кезеңі командалық жарысы 9 мамырда басталды.

Бірінші кезеңде «Астана» командасы үшінші орын алды. 17,6 шақырымға созылған жарыс Сан-Лоренцодан басталып, Сан-Ремодан аяқталды. Мәреге 19 минут 26 секундта жеткен австралиялық Orica GreenEDGE командасы бірінші орынды, екінші орынды көсбасшыдан жеті секунд айырмасымен ағылшын командасы Tinkoff-Saxo алды. «Астана» командасы 13 секундқа артта қалды.

«Джиро д'Италия» жарысының екінші кезеңі 10 мамырда болады. Бұл кезде велоспортшылар 177 шақырым қашықтықты жүріп өтуі керек.

Еске сала кетейік, "Джиро д'Италия" жарысында «Астана» командасының капитаны италиялық Фабио Ару болды. 2014 жылы ол осы турнирдің қола жүлдегері атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или