Велоспорттан Азия чемпионаты: Жасөспірімдер екі медаль алды
Тәжікстан астанасы Душанбеде велоспорттан Азия біріншілігі жалғасып жатыр.
Бүгін жарыс жолына шыққан жасөспірім қыздар екі медальға қол жеткізді.
Жасөспірім қыздар арасындағы топтық жарысқа Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты. Олар - Алина Спирина, Дария Қазақбай, Елизавета Склярова және Виолетте Казакова.
Тартысты бәсекеде Алина Спирина күміс, Дария Қазақбай қола жүлдегер атанды. Елизавета Склярова мәре сызығын төртінші болып кесті. Виолетта Казакова алғашқы ондықты түйіндеген.
Топтық жарыста Өзбекстан командасының өкілі топ жарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или