«Қайрат» футзал академиясы халықаралық турнирде үшінші орын алды

«Қайрат» футзал академиясы халықаралық турнирде үшінші орын алды

«Қайрат» футзал академиясының жас ойыншылары халықаралық Junior Footballer Cup 2015 турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Аталмыш жарыс 2004-ші жылы туған балалар арасында, Санкт-Петербор қаласында өтті. Алматылық команда үшінші орын үшін өткен кездесуде «Динамо Спб» командасын ұтты.

«Алдымен Junior Footballer Cup 2015 турнирінің ұйымдастырушыларына алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ, клубымыздың басшыларына осындай жарысқа қатысуга мүмкіндік жасағандарына көп рахмет. Жарыс өте керемет өтті. Жақсы алаңдарда ойнадық, турнирге жалпы он команда қатысты. Бес-бес команда екі топқа бөлінді. Біз өз тобымызда бірінші орын алып, өкінішке қарай жартылай финалда Челябинсктің командасына ұтылып қалдық. Қола медаль үшін өткен ойында «Динамо СПб» командасын жеңдік», - деді команданың бапкері Андрей Рудковский.

«Қайрат» футзал клубының ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или