Үш жеңіліс. Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне шыға алмады
Қазақстан жасөспірімдер (U-19) құрамасы финляндиялық Янаккалада футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында соңғы матчын өткізді. Семен Палагутин шәкірттері Босния және Герцеговина командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші таймда қазақстандықтар екі мәрте алда болды (Ақтілек Бауыржанұлы мен Ержан Қарменов көзге түсті), бірақ босниялықтар таразы басын теңестіріп қана қоймай, бірінші тайм соңында есепте алға шықты.
Үзілістен кейін Қазақстан футзалшылары екі гол соғып, жеңіске жақын болған. Дегенмен, босниялықтар тағы екі гол салып, жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды есеп - 5:4.
Осылайша, Қазақстан құрамасы үш кездесудің үшеуінде де жеңіліп, 4-топта соңғы орын алды. Қазақстандық футзалшылар Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама ала алмады.
Қазақстан (U-19) – Босния және Герцеговина (U-19) 4:5
Голдар: Бауыржанұлы (2), Карменов (10), Ким (22), Човрк (27, автогол) – Човрк (3), Касало (11, 18), Тодорич (33), Крезо (40)
Фото instagram.com/kazfutsal