Масқара! Қазақстан жастар құрамасы Финляндиядан ірі есеппен ұтылды

Масқара! Қазақстан жастар құрамасы Финляндиядан ірі есеппен ұтылды

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Финляндия құрамасына қарсы матчта жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosorts.kz.

Кездесу 1:7 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар үшін голдарды Эету Кайккола (8-ші және 18-ші минуттар), Топиас Кайвола (10-шы), Эели Ниемеля (18-ші), Рони Пекки (20-шы) және Ааро Пааппанен (39-шы) соқты. 10-минутта автгол авторы атанған Ақтілек Бауыржанұлы да қарсыласқа «көмектесті». Қазақстандықтардың жалғыз голын Лев Ким (29-шы) соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтағы екінші кездесуінде жеңіліп қалды: бұған дейін Польшадан 2:3 есебімен ұтылды.

18 наурызда Қазақстан Босния және Герцеговина құрамасымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или