«Біздің жігіттер әр ойында бар күш-жігерін салады деп уәде беремін». Семен Палагутин Еуро-2022 іріктеу ойындары туралы пікір білдірді

«Біздің жігіттер әр ойында бар күш-жігерін салады деп уәде беремін». Семен Палагутин Еуро-2022 іріктеу ойындары туралы пікір білдірді
Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер U-19 құрамасының аға жаттықтырушысы Семен Палагутин ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Алматыдағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, Еуро-2022 іріктеу ойындары туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Семен Александрович, Финлияндияда өтетін іріктеу ойындарына командамыз дайын ба? 

– Жаттығу жиыны өте жемісті болды. Барлық жағдайды жасаған Қазақстан футбол федерациясына алғыс айтамын. Ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейге қойылған. Ойыншылар жақсы қонақүйде жатып, керемет базада жаттығу жүргізді. Рикардо Кака бастаған футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы да жаттығу жұмыстарына белсене араласты. Біздің дәрігер Александр Хабибуллиннің еңбегін де айта кеткен жөн. Оның талпынысының арқасында ойыншылардың дене даярлығы өте жоғары деңгейге көтерілді. Сәл жарақаттар бар, алайда олар ойынға әсер етпейді деп ойлаймыз. 

Оқу-жаттығу жиынында ойынның негізін талдап, қарсыластың әдісін зерттедік. Сонымен қатар, жұмыс жоспарын әзірлеп шықтық. Біздің көзқарасымыз бойынша жарысқа дайын деген ойыншыларды іріктеп алдық. Оқу-жаттығу жиынының міндеттерін толық орындадық. 

– Команданың ішкі көңіл-күйі қалай?

– Өте керемет атмосфера қалыптасқан. Жігіттер жауапкершіліктің жоғары екенін түсінеді. Ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгіміз келеді. Достығымыз жарасып, көңіл-күйіміз көтеріңкі екенін айтқым келеді. 

– Қарсылас туралы не айтасыз? Жақсы нәтижемен оралу мүмкіндігі бар ма?

– Қарсыластың ойындарын түгел қарап шықтық. Барлығының деңгейі бірдей. Шыдамдылық пен концентрация нәтижеге жеткізеді. Қорытынды нәтиже туралы айту қиын, алайда біздің жігіттер әр ойында бар күш-жігерін салады деп уәде беремін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или