Қостанайдың мини футболдан әйелдер командасы Батыс Сібір Кубогын иеленді

Қостанайдың мини футболдан әйелдер командасы Ялуторовск қаласында (Түмен облысы) өткен ауқымды турнирге алғаш рет қатысып, бірден Кубок иегері атанды.

Турнирге екі шағын топта ойнаған 8 команда қатысты. «Қостанай» командасы өз тобында үш кездесу өткізді. Қостанайлық спортшылар екінші топтың жеңімпазы – «Рубин» командасымен кездесіп, финалға өтті.

«Қостанай» командасының бапкері Виктор Чечеттің айтуынша, бұл аймақтағы футболдан жалғыз әйелдер командасы. Және қостанайлық футболшылар жоғары ойын деңгейін көрсете білді, сондықтан олар Ресейдің бірінші лигасына қатысуға шақырылды.

«Бұл турнир 2015 жылғы қазан айында басталады, - деді Чечет, - бірақ онда бару үшін демеушілердің көмегі қажет».

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или