Қайрат Оразбеков: «Екінші кубок біз үшін қымбат»

«Қайрат» спорт кешенінде Лиссабонда өткен УЕФА Кубогының жеңімпазы атағын алған алматылық «Қайрат» командасының баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы сұраққа «Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков жауап берді:

- Дәл қазір Какау неліктен командасымен бірге емес?

- Какауға Бразилия ұлттық құрамасын басқаруға ұсыныс жасады, бірақ бұл басты себеп емес. Португалияға аттанбастан бұрын оның жүйке жүйесінде қабыну бар деген диагноз қойылды. Операция жасалған жағдайда, төрттік финалына дейін толықтай айықпас еді. Сондықтан турнир аяқталысымен, Какау Бразилияға аттанды. Қазір ол ауруханада жатыр, ертең операция болады, қауіпсіз түрде өтеді деп сенеміз. Барлығыңызға жалынды сәлем жолдады.

- УЕФА Кубогын екінші рет еншілеудің алғашқысынан қандай айырмашылығы бар?

- Бүгін бірінші кубокты де әкелуге болатын еді. УЕФА басшылығы өткен жылдан бастап дизайнын өзгертті. Салмағының біршама ауырлағанынан бөлек, ешқандай айырмашылық байқалмайды. Сол секілді екінші чемпиондық да физикалық, психологиялық жағынан біршама қиынға түсті. Екінші кубок біз үшін қымбат. Себебі біз алғаш рет чемпион болған жылы көбі бұл жеңісті кездейсоқтық деп бағалады. Сонымен қатар төрттік финалына да шыға алмайды деген болатын, ал біз осы сөздердің жалған екенін дәлелдедік. Екі кубок та бізге қымбат, әрине. Бірақ екінші кубоктың жолы ауырлау болғандықтан, оның орны бөлек.

- Қазақстанның намысын төрттік финалда екі команда қорғауы үшін не істеуіміз қажет?

- Осы сұрақты «Тұлпарға» қою керек. Бұл Қарағанды облысы әкімшілігінің жұмысы. Төрттік финалында екі командамыз өнер көрсетуі үшін футзал командаларын үлкен футболдағы клубтардың құрылымына енгізуіміз қажет. Бұл – оңай шаруа. Еуропалық командалардың деңгейінде ойнайтын футзал клубтарының бюджеті небәрі 500 мың долларды құрайды. Миллиондаған доллар бөлінетін футбол клубтарының бұл қаражатты бөлуге қауқарлары жеткілікті. Егер солай етсек, елімізде 10 мықты ұжым құруға болар еді және онда тек өзіміздің жергілікті ойыншыларымыз доп тебеді. Менен көбі «Қайратта» неліктен қазақстандықтар аз?» деп сұрайды. Мен қазақстандықтарды қайдан алам? Премьер-лигадағы командалардың ішінен футзал клубтарын ашу керек. Мәселен, «Спортинг», «Барселона», «Бенфика» секілді. Ойыншылар сонда жетіледі. Мамандар жеткілікті, таппаған жағдайда «Қайрат» әлемдегі ең мықты деген мамандардың өзін шақырып, қамтамасыз ете алады, сол кезде біздің чемпионат Еуропадағы беделділердің ішінен болар еді. Біздегі қыс-жаз жүйесі қыс мезгілінде де футзал қарауға мүмкіндік береді. Барлық жағдай жасалған.

- «Қайрат» футбол клубымен бірігулеріңіз мүмкін бе?

- Біздің «Қайрат» футбол клубына ауыртпалық түсіргіміз келмейді. Олардың алға қойған үлкен мақсаттары бар. Биыл бізге 20 жыл, жинаған мол тәжірибеміз бар. Осы уақытқа дейін ізденіс үстінде болдық. Қазіргі уақытта бұрынғы ойын жүйемізде қандай кемшіліктеріміз болғанын ашық айта аламыз. Әркім өзінің жағдайын жасау керек. Үлкен «Қайрат» пен кішісін бөліп-жарудың керегі жоқ, біздің брендіміз ортақ. «Қайрат» футбол клубында бюджеттің жартысы инфрақұрылымдарға жұмсалуда, біз де осылай бастағанбыз. Бұл үшін біраз нәрсе қажет: қонақ үй, балалар мектебі, жейде үлгілері, автобус, жоғары дәрежелі менеджерлер, дәрігерлер және тағы басқалар. Басқа облыстарға да осы жолмен жүру қажет. Біздегі қаржының 90 пайызы жеке инвесторлардан бөлінетіндіктен, біз жекеменшік клубпыз. Еліміздің басқа түкпірлерінен де осындай қолдаулардың табылуы әбден мүмкін.

- Келесі УЕФА Кубогына дейін құрам өзгеруі мүмкін бе?

- Маңызды голды салған Умберто испаниялық «Интер Мовистар» командасына ауысады. Бізге Же қайта оралады. Басқа маңызды өзгерістер әзірше болмайды.

Микрофонға «Қайраттың» аға жаттықтырушысы Алесио жақындады:

- Турнирді қорытындылай өтсеңіз...

- Алдымен мынаны айтқым келеді, командаға жауапты Какау, бірақ белгілі себептерге байланысты оның орнына бүгін мен отырмын. Бұл жеңіске Какаудың қосқан үлесі зор. Турнирдің үздік қос командасына қарсы өткізген екі ойын сәтті өтті. Жаттығулардың басым көпшілігінде біз «Динаға» қарсы дайындалдық. Оның өз жемісін бергенін өздеріңіз көрдіңіздер. «Спортингті» кемсінгенім емес, бірақ турнирге «Интер» қатысқанда одан да тартыстырақ өтер еді деп ойлаймын.

Келесі сөз тізгінін Дінмұхамбет Сүлейменов алды:

- Лиссабонға аттанар алдында «Арманым – «Қайрат» Еуропа тарихында өз орнын қалдырса» деп айтып едіңіз. Қалай ойлайсыз, арманыңыз орындалды ма?

- Өз басым орындалды деп айта аламын. Мен УЕФА Кубогын екінші рет басымнан асыра көтердім. Бірақ менің және клубтың мақсаты мұнымен аяқталмайды. Әр жыл сайын жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндіктер мол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или