Қазақстан құрамасының ойыншысы өнер көрсететін клуб жабылды
Самаралық «Динамо» шағын футбол клубы қызметін тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz futsalkazakhstan instagram парақшасына сілтеме жасап.
Клуб қиын қаржылық жағдайға байланысты жабылды.
Ресей Суперлигасының қалған матчтарында «Динамо-Самара» клубына 0:5 есебімен жеңіліс есептеледі.
Еске салайық, әлем чемпионатынан кейін Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб «Ақтөбеден» «Динамо-Самараға» ауысты. Арнольд клуб сапында 16 матч өткізіп, бес гол соққан.
Сондай-ақ, биылғы жылдың басында ғана қазақстандық маман Александр Якименко «Динамо-Самарада» жұмыс істей бастаған еді.
Кнауб мансабын қайда жалғастыратыны белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или