Игита: «Мен – Қазақстан азаматымын. Біз ел намысын қорғадық!»

«Қайрат» сапында УЕФА кубогының екі дүркін иегері Игита Алматыға ұшып келген бетінде «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

- «Барселонамен» өткен ойыннан кейін әсеріңіз қандай болды?

- Финалда жеңіске жете алдық. Біз үшін бұл маңызды болды. Өйткені УЕФА кубогындағы бірінші жеңісіміз кездейсоқ емес екенін дәлелдегіміз келді. УЕФА кубогын бірінші рет ұтқанда – барлығы бұл кездейсоқ деп айтқан болатын. Олай емес екенін дәлелдедік.

- Яғни, испаниялық БАҚ «Барселонаны» жеңген Игита» деп жарыса жазған. Мұнымен келісесіз бе?

- Әрине, бұл олай емес. Қос матчта бірде-бір рет гол соққан жоқпын. Каталондық клубқа «Қайраттың» басқа ойыншылары соқты. Бұл жеңіс – команданың жеңісі.

- «Советский спорт» басылымы кеше «Қайраттың» жеңісі туралы осылай жазды: «Жеңісті қазақтар емес бразилиялықтар ұтып берді» деп. Бұл жайлы пікіріңіз қандай?

- Ең алдымен, біз – командамыз. Есесіне Қазақстан құрамасының жеңісі туралы ешкім айтпайды, ал онда небәрі екі бразилиялық қалғандары жергілікті ойыншылар. Азулы Португалия құрамасын 3:1 есебімен ұттық. Енді Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде бақ сынаймыз. Жалпы, «Барселона», «Динамо» мен «Дина» секілді клубтарда бразилиялық ойыншылар жетеді. Ең маңыздысы Қазақстан жеңді, біз - еліміздің намысын қорғадық.

- Сіз өзіңізді Қазақстан азаматымын деп санайсыз ба?

- Иә, әрине. Алты жыл бойы Қазақстанда тұрамын. Бұл елге деген алғысым шексіз. Қазақстан құрамасы сапындағы өнерімді жалғастырып, барша қазақстандықтарды үлкен жеңістермен қуантуға тырысамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или