Дінмұхамед Сүлейменов: «УЕФА Кубогын кездейсоқ ұтпағанымызды дәлелдедік»

Дінмұхамед Сүлейменов: «УЕФА Кубогын кездейсоқ ұтпағанымызды дәлелдедік»

Футзалдан УЕФА кубогын екінші рет жеңіп алған алматылық «Қайрат» клубының капитаны Дінмұхамед Сүлейменов «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

– Матчтан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - деп бастады Сүлейменов. – Екі жыл бұрын УЕФА кубогында кездейсоқ топ жармағанымызды дәлелдедік. Оның үстіне, нөмірі бірінші команда екенімізді көрсеттік. Себебі бізге «Дина» да, «Барселона» да қарсы тұра алмады.

Алғашқы ойынға қатты дайындалдық. Дайындығымыздың барлығы да өз табысын алып келді. Біздің артықшылығымыз – бесінші ойыншымыз, оны сәтті пайдалана алдық. Жартылай финалдық кездесуден кейін ақтық сында «Барселонамен» ойнайтынымызды естідік. Каталониялықтарға қарсы екінші кездесуіміз болғандықтан олардың мықты тұстарын білетінбіз, соларды жете сараладық. Екі кездесуді де – мұқият жаттыққанның арқасында жеңдік.

– «Барселона» мен «Спортинг» кездесуінің алдында көптеген маман каталониялық ұжымның финалға шығатынын айтқан. Мұны «Барселона» дәлелдей алды. Алматыда жаттығу кездерінде «Барселонаға» қарсы арнайы жаттығулар болған жоқ па?

– Ол кезде біздің ең негізгі мақсатымыз жартылай финалдан өту болатын. Сол матчқа финалға дайындалғандай қарадық. Алдымен «Динаны» жеңу ойымызда болды. Сосын ғана екінші жұптың жеңімпазын ойладық. Бірақ, әрине, «Барселонаға» да, «Спортингке» де дайын болдық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или