ВИДЕО. Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан Испания чемпионатының 13-тур матчында гол соқты
Футзалдан Испания чемпионатындағы 13-турдың кейінге шегерілген екі кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Эль Посо» өз алаңында «Пальма Футзал» командасымен тең ойнады - 3:3. «Эль Посо» сапында Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан да Силва мен алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы бразилиялық Гадея соқты. .
«Эль-Посо» (Мурсия) – «Пальма Футзал» 3:3 (1:2)
Голдар: Тайнан (9), Гадейя (29), Марсел (36) – Кайнан (13), Шагинья (16), Томас (36)
Осындай есеп «Мансанарес» - «Бурела» кездесуінде де тіркелді. «Мансанарестің» бразилиялық шабуылшысы Фитс екі гол соқты.
«Мансанарес» – «Бурела» 3:3 (1:1)
Голдар: Фитс (15, 22), Рауль Кампос (31) – Питеро (20), Пасос (26), Алекс Дис (28)
Фото lnfs.es