Какау: «Менің басты арманымның бірі – Елбасымен кездесу»

Какау: «Менің басты арманымның бірі – Елбасымен кездесу»

Футзалдан Алматының «Қайраты» УЕФА кубогын жеңіп алғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Дәл сол ойыннан кейін «Қайрат» клубының бас бапкері Какау УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында турнир туралы және өзінің арманы туралы айтып берді.

Сұхбаттың басында УЕФА-ның тілшісі Какауға «Төртеу финалында» бірде-бір қазақстандық футболшыны қоспағаны туралы сұраған екен. Бұл сауалға біздің команданың бас бапкері еш қиналмастан былай жауап берген:

— Мен Қазақстанның ішкі біріншілігінде тек төрт бразилиялық футболшыны ойната аламын. Сондықтан да ел біріншілігінде ойнаған қазақстандық футболшылар шамалы шаршаңқырап қалған. Ал, бразилиялық футболшылар тың болды. Біз УЕФА кубогін осымен екінші мәрте жеңіп отырмыз. Бізде бразилиялық немесе қазақстандық футболшы деп бөлінетін түсінік жоқ. Біз – Алматының «Қайрат» клубының мүддесі үшін тер төгеміз. Байқасаңыздар, басқа командалардың қатарында да легионерлер көп. Біздің капитанымыз – Дінмұхамед Сүлейменов клуб қатарындағы ең мықты ойыншылардың бірі. Мен Димашқа әрқашан арқа сүйей аламын. Ол ішкі біріншілікте көп ойын өткізді. Одан бөлек, Қазақстан құрамасы сапында да бірнеше матч ойнайды, - дейді Какау ағынан жарылып.

Одан кейін Какау клубтың және өзінің алдағы мақсаттары туралы айтып, өміріндегі басты арманымен бөлісті

— Мен «Қайратты» сүйемін. Бұл клуб менің өмірімнің бір бөлшегі деп айтсам да болады. Өмірде қол жеткізген ірі жеңістеріме мен осы клубпен бірге жеттім. Қалада да мені жанкүйерлер жақсы таниды. Жеке басыма келетін болсам, 2-мамыр күні ота жасатамын. Бүгінгі таңдағы басты жоспарым – денсаулығымды түзеп алу. Ал, алдағы уақытта басты армандарымның бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу, - дейді осымен УЕФА кубогін екінші мәрте жеңіп алған бас бапкер.

«Алаш айнасы» интернет-порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или