«Қайрат» финалға жолдама алды

«Қайрат» финалға жолдама алды

Лиссабонда бастау алған футзалдан УЕФА Кубогінің төрттік финалында қазақстандық «Қайрат» ресейлік «Динадан» айласын асырып, финалға жолдама алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы 10 минут екі команданың кезек-кезек шабуылдарымен өрбіді. 11-ші минутта Лео Зуев қорғаған қақпаның кілтін тауып, командасын алға сүйреді.

Екінші тайм басталысымен алматылықтар қарсыластарын қыспаққа алып, шабуылдаумен болды. Ойынның 21-ші минутында командаласынан керемет пас алған Лукоян қақпаға соққы бағыттаған еді, алайда қақпашы бұл жерде мықтылық танытты. Араға бір минут салып Дуглас та өз бағын сынап көрді, тепкен добы қақпа бағанасынан кері серпілді.

Матчтағы екінші гол 24-ші минутта соғылды. Бір сәтке босаңсыған «Қайраттың» қорғанысын Эскердинья бұзып жарып, таразы басын теңестірді.

33-ші минутта Жоан алаң ортасынан қақпаға қарай жойқын соққы бағыттады, бірақ Зуев керемет сейв жасады.

36-шы минутта Умбертодан пас алған Лео қақпаның жақын бұрышына алыстан дәл көздеп, дубль жасады.

Есепті теңестіруді ойлаған мәскеуліктер қақпашыны да ойынға араластырып, шабуылға дем берді. 38-ші минутта «Дина» шабуылда қателік жіберді, бұл жағдайды ұтымды пайдалана білген Лео бос қақпаға допты бағыттап, хет-триктің авторы атанды.

39-шы минутта шабуылға тайлы тұяғымен кіріскен ресейліктер есепті қысқарта білді. Эскердинья дубль жасап үлгерді. Соңғы секундта «Динаның» капитаны Прутников ойын барысында оң қапталдан керемет ашылып, соққы бағыттады. Таразы басы қайта теңесті.

Матчқа қосымша уақыт қосылды. 42-ші минутта Диванея «Қайратты» қайта алға шығарды.

Екінші экстра-таймның басында керемет комбинация ұймдастырған алматылықтар есепті арттыра түсті. 46-шы минуттағы голдың авторы – Дуглас.

48-шы минутта Лукоян Зуевтің қателігін ұтымды пайдаланып, есепті 6:3-ке жеткізді. Дегенмен, ресейліктер де оңай шағылар жаңғақ емес екендіктерін тағы бір дәлелдеді. Прутников Игита қорғаған қақпаның торын бүлк еткізді. Есеп – 6:4.

Ойынның нүктесін 50-ші минутта Лео қойды. Зуев қақпасын тастап, шабуылға араласқан сәтте, Лео допты қақпаға бағыттап, командасын алға шығарды.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Дина» (Мәскеу, Ресей) 7:4 (1:0)

Голдар: Лео 11 (1-0), Эскердинья 24 (1-1), Лео 36 (2-1), Лео 38 (3-1), Эскердинья 39 (3-2), Прутников 40 (3-3), Диванея 42, Дуглас 46 (5-3), Лукоян 48 (6-3), Прутников 48 (6-4), Лео 50 (7-4)

25.04.2015. Лиссабон қаласы.

Естеріңізге сала кетейік, финалдық ойын 26-шы сәуір күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или